Алматыда «Толассыз экономикалық білім: әдістемелік қамтамасыз етуді және білім беруді қайта құру» тақырыбында республикалық конференция өтеді

АЛМАТЫ. Қаңтардың 11-і. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Қаңтардың 21-22-сі күндері Алматыдағы Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-де «Толассыз экономикалық білім: әдістемелік қамтамасыз етуді және білім беруді қайта құру» тақырыбында республикалық конференция өтеді.
None
None

Шара барысында секция жұмыстары, семинарлар, дөңгелек үстел және «Білім жүйесіндегі инновацияны дамыту», «Интелектуальды ұлт», «Оқушыны сабаққа қызықтыру мақсатында жаңа технология әдістерін қолдану», «Пәнді оқытуда тұлғаның дүниетанымдық көзқарастарымен ұлттық құндылықтар тұрғысынан қарастыру» тақырыптарында шеберлік дәрісі өтпек.

Сонымен қатар алқалы жиынға ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, жоғары оқу орындардың ректорлары, «Әлеуметтік ғылым және бизнес» мамандығы бойынша әдістемелік білім кеңесінің мүшелері, шетел оқу орындарының өкілдері, колледж және орта мектеп директорлары мен оқытушылары, бизнес-білім бағдарламасын ұйымдастырушылар қатыспақ.

Жиынға қатысушыларға арнап шетелдік және отандық әдістемелік білім беру бағдарламаларының тұсаукесері өтіп, экономика мен бизнес әдебиеттерінің көрме-жәрмеңкесі, спорттық және мәдени шаралар ұйымдастырылмақ.

Соңғы жаңалықтар