Алматыда толассыз жауған жаңбырдан 8 ағаш құлады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жаңбыр суы басқан негізгі учаскелерде су сорылып, аумақ жиыстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Сағат 21:00-дегі жағдай бойынша Алматының таулы ймақтарында 34 мм жауын-шашын түсті, ал тамызда орташа жылдық жауын-шашын мөлшері 34 мм болатын. Нөсер жаңбырдың салдарын жоюға 1008 жол жұмысшысы мен 640 техника жұмылдырылды. Сонымен қатар, мердігерлер мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың 52 мобильді бригадасы жаңбыр суын қабылдайтын жерлерді қоқыстан тазартып, және де нөсерлі кәріз және дренаждық суларды қабылдайтын сорғы станцияларының жұмысын қамтамасыз етіп жатыр»,- деп хабарлады қалалық әкімдіктен.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Мегаполисте жаңбыр кезінде 8 ағаш құлап, сол жерлер тазаланған.
Оқыс оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ.
Қазіргі уақытта негізгі су басқан учаскелер судан құрғатылып, арық жүйелерінен қоқыс шығарылып жатыр. Онда түнгі кезекшілік қойылды.
«Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес, алдағы үш күнде арасында үзілісі бар жауын-шашын мол болады.
Еске салайық, 2023-2024 жылдары 276 шақырым арық желісін жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 100 шақырым жаңа арық желісі салынады.
Бүгін Алматыда қатты нөсер жауды. Жаңбыр суы қала көшелерін алып кетті.