Алматыда Төле би көшесі демалыс күндері жабылады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда демалыс күндері Төле би көшесінің кейбір учаскелерінде көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда Төле би көшесі демалыс күндері жабылады

«5 қыркүйек таңғы сағат 7:00-ден 7 қыркүйек таңғы 6:00-ге дейін Төле би көшесі бойымен шығыс бағытта Исаев көшесінен батысқа қарай Әйтиев көшесіне дейін жол жабылады»,– деп хабарлады Алматы қаласының мобильділік басқармасы.

Уақытша шектеулер осы көшедегі магистраль құбырын жоспарлы ауыстырумен байланысты инженерлік желілерді қайта жаңарту – тозған құбырларды ауыстыру, қалалық жылумен жабдықтау жүйесінің жұмысындағы тәуекелдерді азайту үшін қажет.

Басқарма өкілдері тұрғындарды келтірілген қолайсыздыққа түсіністікпен қарап, аталған учаскелерді айналып өту жолын алдын ала қарастыруды сұрайды.