Алматыда Төле би көшесінің біраз бөлігі жабық болады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда демалыс күндері Төле би көшесінің біраз бөлігінде жол жабылады. Бұл туралы қалалық Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасынан хабарлады.
26 шілде күні кешкі 20:00-ден бастап 28 шілде 19:00-ге дейін Төле би көшесінде А.Байтұрсынов пен Б.Шағабутдинов аралығы автокөліктер үшін жабық болады.
«Бұл учаскеде су, кәріз, жылу желілерін айырбастау жоспарланған. Құбырларды жаңарту арқылы жылыту маусымында апаттың санын азайту көзделген. Тұрғындардан уақытша қолайсыздыққа түсінікпен қарауын сұраймыз», - деді басқармадан.