Алматыда Төле би мен Саин көшелерінің қиылысындағы жол айырығының эстакадалық бөлігінде қозғалыс ашылды

АЛМАТЫ. Мамырдың 20-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыдағы Төле би мен Саин көшелерінің қиылысындағы жол айырығының эстакадалық бөлігінде қозғалыс ашылды. Ол қала әкімі Ахметжан Есімовтің құрылысы жүргізіліп жатқан жол айырықтарындағы жұмыстардың барысымен танысуы кезде айтылды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Сапаны бақылау ? жолдар мен жол айырықтарын салу кезінде барлық қызметтердің негізгі міндеті. Қала көлікке лық толы. Бұл мәселе экологиямен тығыз байланысты. Сол себепті мегаполистегі көліктердің қозғалысын реттеу қажет», дейді Алматы әкімі. Жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары басқармасының бастығы Владимир Меренковтың айтуынша, Төле би мен Саин көшелерінің қиылысындағы жол айырығы шілде айында толық пайдалануға беріледі. Бүгін оның эстакадалық бөлігінде қозғалыс ашылды. Бұл аудандағы көлік қозғалысын біршама жеңілдетпек. Мемлекет пен жеке серіктестік бойынша қаржыландырылған бұл жоба 2007-2008 жылдары жасалған болатын. Оның жалпы құны 5,097 миллиард теңгені құрайды. Бас мердігер «Қазақ өнеркәсіптік көлік жобалары» жобалау-зерттеу институты. Жол айрығы тәулігіне 268,2 мың көлік өткізе алады. Оның құрлысы өткен жылы шілде айында басталған болатын. Ал Бостандық ауданындағы Әл- Фараби мен Жароков көшелерінің қиылысындағы Шығыс айналма жолы 2010 жылы іске қосылмақ. Жалпы құны 57,411 миллиард теңгені құрайтын бұл жобаның бас жобалаушысы «Қазақ өнеркәсіптік көлік жобалары» жобалау-зерттеу институты. Ал бас мердігері «Жолмехқұрылыс» ЖШС. Бұл автожолдың ұзындығы 7,8 шақырым, ені бөлу сызығымен бірге 28 метрді құрайды.
Соңғы жаңалықтар