Алматыда топырақтың құрғауы және тозуымен күрес мәселесі талқылануда
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Семинардың негізгі тақырыбы - БҰҰ Конвенциясы негізінде құрғақшылықпен күрес бойынша қызмет процесіне азаматтық қоғамды қатыстыру, тәсілдерді дамыту. Сонымен қатар, шара барысында «Драйнет» жобасы аясында құрғақшылыққа байланысты мәселелер көтерілді. "Қазақстанда соңғы бір жарым жылда болған өзгерістерді жіті тексеріп, баға беру керек. Сонымен қатар, ұлттық жоспарға байланысты азаматтық қоғамның көзқарасын белгілеу қажет, сондай-ақ «Драйнет» жобасының алдағы жұмыс жоспарын талқылауымыз керек. Өйткені, топырақтың тозуы экология және әлеуметтік-экономикаға үлкен әсер етеді", деді семинарға қатысушылар. Қазіргі таңда құрғақшылық процесі еліміздің барлық әкімшілік аудандарында байқалуда.
Қазақстан БҰҰ-ның құрғақшылықпен күрес Конвенциясына 1994 жылы қол қойған болатын. Ал, 1997 жылы ратификацияланған.Бұл конвенцияның негізгі мақсаты құрғақшылықпен күресу болып табылады. Семинарға осы мәселе бойынша жоспарды атқаруға жауапты мемлекеттік орган өкілдері, ғылыми және қоғамдық ұйымдар, жер пайдаланушылар және ауылдың бастамашыл топтары қауымдастығының өкілдері қатысуда.
Шара «Stichting Both ENDS» (Голландия) ұйымы мен Еуропалық Одақтың қолдауымен Орталық Азия аймақтық экологиялық орталықтың ұйымдастыруымен өтуде. "Драйнет" Орталық Азиядағы құрғақшылыпен күрес, тәсілдерін жетілдіру, жергілікті тұрғындардың осы бағыттағы әлеуетін арттыруға бағытталған жоба.