Алматыда төрт Gelandewagen жол бойында тұрып алып кептеліс туғызған

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Жол ортасында кептеліс туғызған Gelandewagen жүргізушілеріне айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«17:45 пен 17:48 аралығында ІІД Орталық ақпараттық басқармасына Төле би көшесі мен шығыс айналма жолы қиылысында батыс бағытта 4 Mercedes Gelandewagen көлігі тұрғаны туралы хабарланған. Көліктер жол қозғалысына кедергі келтіріп, кептеліс туғызған», - деді қалалық ІІД әкімшілік полиция басқармасының басшысы Жандос Мұраталиев.

Оның айтуынша, аталған ақпаратты тексеру мақсатында аталған учаскеге мамандандырылған батальонның автоэкипажы жіберілді.

Оқиға орнында 4 автокөлік тұрғаны анықталды.

«Жүргізушілерге ҚР ӘқК 597-бабының 1-бөлімімен әкімшілік хаттама толтырылды. Жүргізушілер 31 мен 43 жас аралығындағы ер адамдар -Алматы облысының тұрғындары болып шықты. Олар жол ережесін бұзғандарын бірден мойындарына алды. Мұндай әрекеттерін білместіктен болғанын түсіндірді», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар
telegram