Алматыда төртінші қазақстандық салық төлеушілер форумы өтіп жатыр

 АЛМАТЫ. Қыркүйектің 29-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда "Әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында Қазақстан Республикасының жаңа Салықтық кодексін қолдану тәжірибесі" деген атпен төртінші қазақстандық салық төлеушілер форумы өтіп жатыр,

Алматыда төртінші қазақстандық салық төлеушілер форумы өтіп жатыр

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оны Қаржылық және салықтық құқық ғылыми зерттеу институты мен  ҚР Салық төлеушілер қауымдастығы  "Салықтар және қаржылар" журналымен  бірігіп  ұйымдастырды. Қаржылық және салықтық құқық ғылыми зерттеу институтының директоры Евгений Пороховтың айтуынша, дәстүрлі түрде жыл сайын өтетін бұл шараның басты мақсаты  - бейресми қарым-қатынас арқылы мемлекеттің, қоғамның және салық төлеушінің мүддесін  салыстырып, саралап бір теңгерімге алып келу. Онда бұл жолы - ҚР жаңа салықтың заңнамасының инвестициялық тартымдылығы, Жер қойнауын пайдаланушылардың келісім-шарттық салық салу талаптарына ағымдағы салықтық заңнама бойынша жалпы салық салу талаптарына көшу тетігі, Қазақстандағы халықаралық салық салу және трансфертті баға құру, Салықтық әкімшілендіру сапасы және автоматтандырылған салықтық рәсімдер, Жалған кәсіпкерлермен күресу және адал салық төлеушілердің құқықтарын қорғау мәселелерін шешу жолдары жан-жақты талқылануда.