Алматыда Төтенше жағдайлар департаменті мен барлық өрт сөндіру бөлімшелерінде Ашық есік күні өтіп жатыр

 АЛМАТЫ. 1 наурыз. ҚазАқпарат  -  Алматыда Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күніне орай, Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінде Ашық есік күні өтіп жатыр.

Алматыда Төтенше жағдайлар департаменті мен барлық өрт сөндіру бөлімшелерінде   Ашық есік күні өтіп жатыр

Келушілер назарына Алматы құтқару қызметінің апаттық-құтқару жұмыстарына арналған арнайы техникалары мен жабдықтары, сондай-ақ Апат медицина орталығының ұйымдастыруымен жасалған далалық госпиталь шатырлары көрсетіліп,  мекеменің тыныс-тіршілігі таныстырылуда. Бұған Алматы қаласының мектеп оқушылары шақырылған.

 Бүгін сонымен қатар, қалалық басқарманың барлық өрт сөндіру бөлімшелерінде арнайы өрт сөндіру техникаларының көрсетілімдері өтуде. Сондай-ақ өртке қарсы тақырыпта дәрістер оқыылып, балаларға өрт қауіпсіздік шараларын сақтау жөніндегі жадынамалар таратылды.

Аталмыш шара азаматтық қорғау және ұлттық қорғаныс қызметтері атқаратын маңызды іс-шараларға қоғам назарын аударту мақсатында өткізілуде.