Алматыда той салтанаттарына қызмет көрсететін фирмалардың қымбат автокөліктерін тартып алған қарақшы топ іздестірілуде - ҚР ІІМ

АСТАНА. Қарашаның 30-ы. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Алматыда қымбат автокөліктерді иелерінен тартып алып, оларды Қырғызстан асырып отырған қарақшылардың ісі әшкереленді. Бұл туралы бүгінгі брифинг барысында Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов мәлімдеді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Қараша айының ортасында Алматы қаласында белгісіз біреулер қымбат бағалы екі «Джип» автокөлігінің жүргізушілеріне қарақшылық шабуыл жасап, көліктерін айдап әкеткен болатын. Криминалдық полиция қызметкерлері жедел ақпарат бойынша, көліктер Қырғызстанға жөнелтілгенін анықтады. Қырғызстан полицейлерімен бірлескен іс-шара барысында Бішкек қаласында автокөліктердің бірі «Мерседес-Бенц G55» табылды. Екінші көліктің жасырылған жері мен күдіктілерді анықтау шаралары жалғасуда.

 «Тергеу барысында анықталғаны - күдіктілер  жәбірленушілерді газеттегі хабарландырулар бойынша той салтанаттарына қызмет көрсететін фирмалардың арасынан таңдағаны және кездесетін жерін алдын ала белгілеп, жүргізушілерге қарақшылық шабуыл жасап отырған», деді Қ. Жұманов.

Соңғы жаңалықтар