Алматыда той-томалақ өткізуге рұқсат жоқ – Бекшин

АЛMATЫ. ҚазАқпарат - Алматыда үйлену тойлары мен банкеттерге әлі де тыйым салынады. Бұл туралы онлайн-брифингте қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда той-томалақ өткізуге рұқсат жоқ – Бекшин

«Рұқсат жоқ. Бүгінде Алматыда тамақтану орындарына жұмыс істеуге мүмкіндік берілді. Бірақ түрлі банкет, мерекелік шаралар, ұжымдық басқосуды қоғамдық тамақтану орындарында өткізуге тыйым салынған», - деп түсіндірді Жандарбек Бекшин.

Айта кетейік, Алматыда дәмханалар мен тамақтану орындары 25 мамырдан бастап жұмыс істеп келеді.

Оларға қойылатын талап – бір отбасының мүшелерін қоспағанда, көрші үстелдерде отырған қонақтардың арасындағы қашықтық - кемінде 2 метр, ал бір үстелге отыратын адам саны - 4 адамнан аспауын қамтамасыз ету.

Қоғамдық тамақтану орындарына кешкі сағат 23:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат берілген.