Алматыда той-томалаққа барған 16 адам коронавирус жұқтырып алған

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда эпидемиологиялық зерттеулер қоғамдық орында коронавирус жұқтырудың 43,7% дейін көбейгенін көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыда той-томалаққа барған 16 адам коронавирус жұқтырып алған

Алматыда коронавирус инфекциясының 22 898 жағдайы тіркелген,оның 14 558-і - симптомды және 8340-ы - симптомсыз.

Емделгендер саны - 20 953 (+110).

7 ақпанда коронавирус инфекциясының 114 жағдайы тіркелді (112 науқас - жергілікті тұрғын, біреуі - Біріккен Араб Әмірліктерінен және тағы біреуі Шымкент қаласынан жұқтырып келген) .

Оның ішінде 78 жағдай - симптомды, 36 жағдай - симптомсыз. Тәуліктік өсім-0,4%.

«Қаңтар айында КВИ-дің 3607 жағдайы тіркелді, ақпанның 7 күнінде - 770 жағдай. КВИ екінші толқынының даму динамикасы 28 қаңтарда құлдырай бастады. Бұл Алматы қаласының эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасында «қызыл» аймақтан (4 күн болды – 25-29 қаңтар аралығында) «жасылға» (31 қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін) ауысуына әкелді», - деп хабарлады Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова.

Эпидемиологтың айтуынша, 28 қаңтардан бастап Алматы қаласында КВИ ауруы күнделікті 130 жағдайдан - 122 жағдайға дейін, 29-31 қаңтар аралығында күніне 90-116, 1-7 ақпан аралығында 110-114 жағдайға дейін төмендеген.

Бұл ретте қаңтар айының 4 аптасымен салыстырғанда қоғамдық орында жұқтырудың 5,1% (38,6-дан 43,7% дейін), отбасыларда 2% - ға (28%-дан 30% дейін) ұлғаюы анықталды.

Отбасылық іс-шараларда (құдалық, кеш және басқалар) инфекцияның көбейгені байқалады - аптасына 16 жағдай (2,2%), бұл халық арасында қырағылық пен сақтық шараларының төмендегенін көрсетеді.

Қоғамдық көлікте жұқтыру деңгейі 20-22% аралығында өзгеріссіз қалды.

Эпидемиолог санитарлық нормаларды сақтаудың - бетперде киюдің, 1,5-2 метр қашықтықты сақтаудың маңызын тағы да атап өтті, сондай-ақ мүмкіндігінше адам көп жиналатын жерлерге барудан бас тартуға шақырды.

Қаңтар айымен салыстырғанда жас ерекшеліктеріне қарай ауру деңгейі 20-39 жас аралығында 3% нашарлады.

Айта кету керек, пандемия басталғаннан бері Алматыда шамамен 917 мың ПТР зерттеу жүргізілді. Бүгінгі күні қалада тәуліктік қуаты 14,5 мың зерттеу болатын 24 ПТР зертхана жұмыс істейді. Перспективалық қуаты - 23 300 зерттеу.

Бүгінгі таңда Алматы стационарларының жалпы қуаты - 7011 орын. Бүгінгі күні инфекциялық стационарларда (1866 төсек) 703 науқас жатыр, оның ішінде 17-сі - аса ауыр жағдайда. Төсек-орынның 62%-дан астамы бос.

1 ақпаннан бастап Алматы медициналық ұйымдарының 1240 қызметкері (67%) коронавирус инфекциясынан «Спутник» вакцинасын алды, бәрі 30 минут бойы медициналық бақылауда болды, ешқайсының денсаулығы нашарлаған жоқ.