Алматыда тойдан қайтқан жастар екі полицейді қағып кетті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда екі полиция қызметкерін қағып кеткен той кортежінің жүргізушілері ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілішісі қаланың ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматыда тойдан қайтқан жастар екі полицейді қағып кетті

Әкімшілік полиция басқармасының жол-патруль полиция бөлімшесінің мамандандырылған батальон қызметкерлері әл-Фараби даңғылында жол ережесін бұзған той кортежін көрді. Жүргізушілерді тоқтатудың алғашқы әрекеті Жароков көшесінің қиылысында болды. Алайда, олар инспекторлардың талабын елемеді. Жол қозғалысы ережесін бұзғандар шығыс айналма жолында тоқтатылды. Бірақ, бұзақылар бой бермеді.

«Toyota Camry» автокөлігінің жүргізушісі полиция лейтенанты Мақсат Килыбаевты қағып кетті. Абырой болғанда, полицей жеңіл дене жарақатын алды. Осы кезде кортеждегі «Лада Приора» көлігінің жүргізушісі полиция капитаны Жандос Бұғаловты қағып, көлігін бар жылдамдықпен жүргізіп, қашуға әрекеттенді. Жарақаттанған инспектор бар күшін жинап орнынан тұрып, көліктің соңынан қуды.

«Сахариев көшесінде ол кортеждегі үш көліктің қозғалысын тоқтатты. Көліктің іші жастарға толы. Олар «Қыз ұзату» тойынан келе жатыр екен. Араларында қалыңдық та бар», - дейді Алматы ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жандос Мұраталиев.

«Toyota Camry-70» көлігін 1996 жылы туған А.Б. Мамытжанов жүргізген. Оған қарсы 2 әкімшілік хаттама толтырылды. «Лада Приора» автокөлігінің жүргізушісі 1998 жылы туған Е.М. Хамзаға бірнеше құқық бузушылық бойынша айып тағылып, 4 хаттама толтырылды. «Toyota Camry-30» автокөлігін басқарған А.Ж Уашевтың атына да 4 әкімшілік хаттама толтырылды.

Сондай-ақ, екі автокөлік жүргізушісі полиция қызметкерлерін қағып кеткені үшін заң алдында жауап береді.

null

Автор: Алма Мұқанова