Алматыда Toyota 7-8 жастағы балаларды қағып кетті
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Toyota автомобилі 7-8 жастағы балаларды қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Шаляпин мен Өтеген батыр көшелерінің қиылысында болған жол апатының видеосы Instagram желісіндегі kris_p_almaty паблигінде жарияланды.
Бейнекадрда көрсетілгендей, Toyota көлігі көшені кесіп өтпек болған екі баланы қағып тоқтаған.
Куәгерлердің айтуынша, балалардың бірі арыққа қарай құлап кетсе, екінші көліктің алдына қарай 5 метр қашықтыққа ұшып түсті. Балаларды түрлі жарақаттармен жедел жәрдем ауруханаға алып кетті.
«Бала құрбымның ұлы. Жағдайы ауыр. Жансақтау бөлімінде жатыр. Екінші бала есін біледі», - деді Нина Алимовна.
ҚазАқпарат тілшісі жол апатының жай-жапсарын білу үшін қалалық ІІД мен Денсаулық сақтау басқармасына хабарласты. Әзірге құзырлы органдар түсініктеме берген жоқ.
Добрый вечер. Сегодня 30.07.2018 17:48 на уг.ул. Шаляпина и Утеген батыра были сбиты 2 мальчиков лет 7-8. Один отлител на 2метра на обочину второй примерно на 5 метров вперед машины. Мальчиков с переломами увезли на скорой. Были в сознании. Друзья объясняйте детям где и как правильно переходить дорогу🆘 @kris_p_brothers