Алматыда трамплиннен секіруден Әлем кубогының қысқы кезеңдерінің жүлде қоры 180 мың франк

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда трамплиннен секіруден Әлем Кубогының қысқы кезеңдерінің жүлде қоры 180 мың франк. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз конференциясы барысында трамплиннен секіру және шаңғы қоссайысы бойынша ҚР Федерациясының президенті Андрей Вервейкин айтты.

Алматыда трамплиннен секіруден Әлем кубогының қысқы кезеңдерінің жүлде қоры 180 мың франк

«Ерлер арасындағы жүлде қоры 72 мың швейцар франкі. Бірінші орын алған спортшы 10 мың франк алады. Әйелдер өзара 20 мың франкті бөліседі. Ертең сайыс басталады. Бірақ ең үздіктер сенбі күні өнер көрсетеді»,- деді А.Вервейкин.

Оның айтуынша, айтулы додаға кіл мықтылар келеді.

«Қыс бойы 30-дан аса кезең өткізіледі. Ерлер арасында финал Словенияның Планицада өтеді. Жеңімпаз Хрусталь глобусты алады», - деді А.Вервейкин.

Айта кету керек, спорттық дода 27 ақпанда «Сұңқар» халқаралық шаңғы трамплині кешенінде өтеді.

Бұл сайыс 2017 жылы өтетін Қысқы универсиада ойындарына тестілік дайындық саналады.