18:23, 17 Тамыз 2021 | GMT +5
Алматыда трамвай жолдары алынып жатыр
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қалған трамвай жолдарына демонтаж жасау жұмыстары қайта жалғасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Іnstagram -дағы парақшанда Төле би көшесіндегі трамвай рельсін бұзып алып жатқаны жөнінде видео жарияланды.
Қалалық мобильділік басқармасы трамвай рельстерінің бұзылып жатқанын растады.
«Биыл Төле би көшесінің бойы, яғни Ясауи көшесінен А.Байтұрсынов көшесіне дейін (ұзындығы 8,5 шақырым) жолда жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, А.Байтұрсынов көшесінен М.Әуезов көшесіне дейінгі аралықта трамвай жолдарына демонтаж жасау жұмыстары жүріп жатыр», - деп хабарлады басқармадағылар.
Бұған дейін, Алматыдағы Төле би көшесінің кей учаскелерінде көліктің жүруіне тыйым салынатыны туралы жазған болатынбыз.