Алматыда трансұлттық есірткі қылмыстарына қарсы күшті үйлестіру мәселелеріне арналған кездесу өтіп жатыр

АЛМАТЫ. Маусымның 8-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматыдағы Орталық Азия аймақтық ақпараттық үйлестіру орталығының кеңсесінде заңсыз есірткі мен психотропты және прекурсор заттарға қарсы күрес бойынша екі күндік ресми кездесу басталды,

 Алматыда трансұлттық  есірткі қылмыстарына қарсы күшті үйлестіру  мәселелеріне арналған  кездесу өтіп жатыр

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кездесудің мақсаты - Орталық Азия аймақтық ақпараттық үйлестіру орталығы (ОААҮО) мүмкіндігін пайдаланып, бақылаудағы есірткі тасымалының жолын кесуде, халықаралық есірткіге қарсы операцияларды мүдделі мемлекеттердің тиісті органдарымен ұйымдастырып, ақпарат алмасу.

Форум жұмысына ОААҮО-ға қатысушы мемлекеттердің құзырлы органдарының жедел қызметтері жетекшілері (Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан) және өзгеде мүдделі мемлекеттердің (Ауған Ислам Республикасы, Иран Ислам Республикасы, Украина, Румыния, Бельгия, Норвегия, Финляндия) қатысуда.

Сондай-ақ шараға ОААҮО жанындағы бақылаушы мемлекет өкілдері Австрия, Италия, Канада, Пәкістан, АҚШ, Франция және INTERPOL, Оңтүстік Шығыс Еуропаның қылмыспен күрес ынтымақтастық орталығы, Орталық Азиядағы шекараны басқаруға ықпал ету бағдарламасы, ТМД-ның терроризмге қарсы күрес орталығы, Орталық Азиядағы есірткіге қарсы күрес бойынша шетелдік қауымдастық өкілдері де келді.

Форумда ОААҮО мүмкіндігін пайдалана отырып, заңсыз есірткі айналымы мен есірткіге қарсы күресте жан-жақты халықаралық операцияларды үйлестіру, ақпараттық алмасулар,трансұлттық есірткі топтарын әшкерелеу, мүдделі тараптардың өзара бірлесе әрекет етуі мен ақпарат алмасуына жол ашуы тиіс жәйттер жоспарланбақ.