Алматыда туберкулез деңгейін төмендетуге бағытталған тренинг өтіп жатыр

АЛМАТЫ. 19 қыркүйек. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Алматыда медицина қызметкерлерінің туберкулезбен күресте біліктіліктерін жетілдіретін «Сапалы денсаулық сақтау» тренингі өтіп жатыр. Оған АҚШ-тың халықаралық даму (USAID) агенттігі қаржылай қолдау көрсеткен.
None
None

«Туберкулезді сәтті емдеу үшін науқастар емдік курсты толық жазылғанға дейін сақтап, өзгелерге жұқтырмағаны жөн. Орталық Азияда емдік курстың бұзылу деңгейі өте жоғары. Оның себебі науқастың емдік курстан бас тартуы мен емделудің маңыздылығын түсінбеушілігі, бұл туберкулез ауыруының кең етек жаюына әкеледі», -дейді тренингтің жаттықтырушысы Марина Максимова.

Туберкулездің барлық түрінің таралып кетуін ауыздықтау мақсатында USAID Қазақстан үкіметімен ынтымақтаса жұмыс істеп, медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруда осындай шараларды жүзеге асыруда. Шара барысында туберкулезді емдеудегі режимнің бұзылу деңгейін азайту үшін медицина қызметкерлерінің науқастармен жақсы қарым-қатынас орнатып, оларға дұрыс кеңес беруі сөз болды.

Қыркүйектің 23-іне дейін жалғасатын бұл шараға Алматы облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Ұлттық туберкулез проблемасы орталығының фтизиатр мамандары мен мемлекеттік денсаулық сақтау саласының және Қазақ ұлттық медицина университетінің өкілдері шақырылған.

Соңғы жаңалықтар