Алматыда туберкулезбен күресудің ұлттық стратегиясы тақырыбына арналған республикалық конференция өтеді
АСТАНА. 1 қараша. ҚазАқпарат - Ертең Алматыда «Қазақстан Республикасында туберкулезбен күресудің ұлттық стратегиясының жетістіктері мен келешегі» тақырыбында халықаралық сарапшылардың қатысуымен республикалық конференция өтеді.
Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Конференцияға ТМД елдері - Ресей, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстаннан жетекші ғалымдар мен басшылар, халықаралық ұйымдардың өкілдері (ДДСҰ, USAID және т.б.), Қазақстанның барлық аймақтарындағы фтизиатрия қызметінің басшылары, еліміздегі медициналық жоғарғы оқу орнының фтизиопульмонология кафедрасының меңгерушілері және фтизиатрия саласының ардагерлері қатысады.