Алматыда туған қызын екі жылдан бері зорлап келген әке 20 жылға сотталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда туған қызын зорлаған алматылық 20 жылға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат жергілікті полицияға сілтеме жасап.

Алматыда туған қызын екі жылдан бері зорлап келген әке 20 жылға сотталды

ҚК 120-бабы 4-бөлігімен тіркелген қылмыстық істі Алмалы аудандық полиция басқармасы тергеді.

Іс жүргізу материалдарында 1979 жылы туған М. есімді азамат 2021 жылдан бері 2009 жылы туған кәмелетке толмаған қызымен бірнеше рет жыныстық қатынасқа түсіп, моральдық зиянмен қоса денсаулығына да зиян келтіргені анықталды.

Екі жылдан кейін қыз бала бұл жайында анасына айтып берген. Ол өз кезегінде полицияға арызданды.

М. дереу уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Содан кейін сот оны қамауға алу жөнінде санкция берді.

«Күдіктінің кінәсі бірқатар сараптама нәтижесімен, жәбірленуші қыздың түсініктемесімен және тергеу арқылы дәлелденді», - дейді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Олжас Шәріпов.

2023 жылғы 16 тамызда Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен М. ҚК 120-бабы 4-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 20 жылға бас бостандығынан айырылды.