Алматыда «Туған жер» бағдарламасы бойынша балалар үйіне 170 миллион теңгенің көмегі берілмек

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Туған жер» бағдарламасы бойынша балалар үйіне 170 миллион теңгенің көмегі берілетін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
None
None

Бүгін Алматы әкімдігі мен қалалық Білім басқармасы,«Нұрсұлтан Назарбаевтың білім қоры» қоғамдық қоры және «Халық» қайырымдылық қоры» жеке қоры ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Осы келісім аясында №1 балалар үйіне қайырымдылық көмек көрсетілмек.

«Нұрсұлтан Назарбаевтың білім қоры» қоғамдық қоры директорының орынбасары Ғайша Сыздықова жоба бойынша балалар үйінің спорт залы, тамақтану блогы қайта жасалып, аула айналасы абаттандырылатынын айтты. Сондай-ақ, компьютерлік жабдықтармен жарақтандырылып, ресурстық база жаңартылмақ. 

«Біз Президент ұсынған «Туған жер» бағдарламасын алғашқылардың бірі болып жүзеге асыруды өзімізге борыш әрі құрмет санаймыз. Жергілікті билікпен, «Халық» қайырымдылық қорымен» бірлесе отырып, №1 балалар үйін түгелдей қайта жөндеуден өткізіп, жаңартамыз. Білім беру жүйесін  жетілдіру, оны жоғары деңгейге көтеру үшін үлкен жұмыстар жүрігізіледі. Ақпараттық технологияларды меңгеру, мектептен тыс бағдарламалар бойынша сабақтар өтеді, түрлі шығармашылық үйірмелер  ұйымдастырылады. Сонымен қатар, балалар үйі педагогтарының біліктілігін арттыру да қарастырылған», - деп атап өтті Ғ.Сыздықова.

«Халық» қайырымдылық қоры» жеке қорының директоры Әсел  Тынышбекова 3 жастан 18 жасқа дейінгі 109 бала тәрбиеленіп жатқан балалар үйінің білім беру-тәрбиелеу қызметін дамытуға, материалдық  техникалық жарақтандыруға және инфрақұрылымын дамытуға қор тарапынан 170 миллион теңге бөлу жоспарланғанын айтты.

Соңғы жаңалықтар