Алматыда туғанына 10 күн болған нәресте коронавирустан жазылып кетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда 239 бала коронавирустан айыққан. Бұл туралы бүгін онлайн брифингте Алматы қалалық балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Ержан Сералин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Covid-19 инфекциясымен күрес басталғалы бері Алматыда 239 бала коронавирустан емделіп шықты. Балалар арасында өкпе қабынуы болды. Дегенмен көбі жеңіл немесе орташа ауыр түрімен ауырды. Балалардың барлығы дін аман. Қазір 9 бала ем қабылдап жатыр. Қал-жағдайы бірқалыпты», - дейді Ержан Сералин.

Оның айтуынша, кеше ауруханадан туғанына 10 күн болған нәресте шығарылды.

«Кеше 10 күндік баланы шығардық. Бірнеше күнге созылған ем-домнан кейін анасы екеуінің ПТР-тестілеуі таза болғандықтан ауруханадан шығардық», - деді ол.

Айта кету керек, Қазақстан бойынша коронавирус жұқтырғандардың саны 73 468 адамға жетті. Алматыда 9 394 адам індетке шалдыққан. Оның ішінде қалада 73 адам қайтыс болды.


Соңғы жаңалықтар