Алматыда тұқым қуалайтын патологияның өзекті проблемалары туралы ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп жатыр

АЛМАТЫ. 17 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда «Бет-жақ тұсындағы туа біткен және тұқым қуалайтын патологияның Қазақстандағы өзекті проблемалары. Стоматологиядағы инновациялар» деп аталатын республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция басталды.
None
None

Тұқым қуалайтын паталогияның өзекті мәселелерін талқылауға арналған бұл шара мамандардың айтуынша, Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылып отыр.   Оған  ҚР Денсаулық сақтау министрлігі  ұйытқы болуда.

Халықаралық сарапшылардың қатысуымен Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина  университетінде өтіп жатқан бұл алқалы жиын екі күнге созылады. Онда алғашқы күні «Бет-жақ тұсындағы туа біткен және тұқым қуалайтын патологиясы бар науқастарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсету проблемалары және жағдайы» деген тақырыпта  пленарлық отырыс болады. Ал ертең аурудың профилактикасы, диагностикалау және емдеудің оңтайлы әдістері жөнінде пікірталас өтеді. Сондай-ақ талқылаудан кейін арнайы конференция қарарының жобасы қабылданады деп жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар