Алматыда тұманның кесірінен әуе рейстері кеш ұшырылып жатыр
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Бүгін тұманнан жолдың нашар көрінуіне байланысты Алматы халықаралық әуежайында екі рейс кешіктірілді. Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Сағат 8:20-да ұшуы тиіс болған «Южный ветер» әуе компаниясының 3101 Алматы-Балқаш рейсі сағат 10:02-де ұшты. Сондай-ақ, сағат 8:40-та ұшуы тиіс болған 821 Алматы-Мәскеу рейсі сағат 9:47-де ұшты»,- делінеді әуежай хабарламасында.
Еске салсақ, Қазгидромет бүгін Алматы қаласында ауа райы бұлтты, түнде жаңбыр жауатынын мәлімдеді. Сондай-ақ, түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін екенін хабарлаған болатын.