Алматыда тұмауға қарсы 50 000 доза екпе сатып алынды
Мамандардың айтуынша, ДДСҰ мәліметіне сәйкес биылғы эпидемиологиялық маусымда үш вирус штаммы - A/Michigan/45/2015 (H1N1) pdm09 типі, A/HongKong/4801/2014 (H3N2) типі, B/Brisbane/60/2008 типі өзекті болады.
Қалалық қоғам денсаулығын қорғау департаменті эпидемиологиялық бөлімінің бас маманы Владимир Юсуповтың айтуынша, биыл қалада 50 000 доза екпе сатылып алынған.
«Жергілікті бюджет қаржысына иммунизация жұмыстары үшін «Гриппол плюс» екпесі сатылып алынды. Жақын арада қосымша тағы 50 000 доза екпе сатылып алынады. Бұл қауіп тобына кіретін тұлғалар үшін алынды. Ал басқа тұлғалар ақылы түрде емханалардан екпе ала алады», - деді Владимир Юсупов.
Жыл сайын Алматыда қауіп төніп тұрған адамдар, атап айтқанда, жүкті әйелдер, 6 айдан асқан жиі ауыратын балалар, балалар үйінің, қарттар үйінің контингенті, медициналық қызметкерлер, мүгедек адамдар тегін екпе қабылдайды. Бұл аурудың жаппай таралуына кедергі болады.
Екпе жұмыстары 30 қазанға дейін жалғасады.
Маманның айтуынша, қазіргі таңда қалада эпидемиологиялық ахуал тұрақты.