Алматыда түнгі уақытта жасыл желектерге биологиялық өңдеу жұмыстары жүргізілуде

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда шілденің 19-нан 20-сына қараған түні ауру мен зиянкестерден қорғау мақсатында жасыл желектерге биологиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда түнгі уақытта жасыл желектерге биологиялық өңдеу жұмыстары жүргізілуде

Алматы қалалық экология басқармасының мәліметінше, Әуезов ауданының Қойшыманов көшесінде (Шаляпин-Саин көшелері арасы), Береговая көшесінде (Жандосов- Шаляпин көшелері арасы), Саин және Абай көшелері, Райымбек және Момышұлы көшелері қиылысындағы жолайрық бойында, «Таугүл-1» ықшам ауданындағы ботаникалық бақта биологиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді.

«Жұмыс барысында Қазақстан аумағында қолдануға рұқсат етілген «Green Gold» сертификатталған биологиялық препараты қолданылды. Бұл препарат зиянкестердің санын нақты бақылауды, сондай-ақ ұзақ мерзімді қорғауды және жоғары тиімділікті қамтамасыз етеді»,- деп хабарлады басқармада.