Алматыда тұңғыш рет әр сағат сайын классикалық шығармалар ойнайтын музыкалық сағат іске қосылды

АЛМАТЫ. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыдағы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы ғимаратында орналасқан қалалық мұнара сағаты енді әр сағат сайын музыка әуенін ойнайтын болады.
None
None

Жаңаша жүретін сағатты қосу салтанаты Алматыда аталып өтілді.

Қазкоммерцбанктің бастамасымен қолға алынған идеяны іске асыру 2009 жылы басталған. Ағымдағы жылы қазан айында сағаттың механизмі толығымен ауыстырылып, сағаттың дизайны өзгертілді. Музыкалық сағаттың жұмысын 13 қоңыраудан тұратын австриялық Schauer&Sachs күрделі конструкциясы қамтамасыз ететін болады. Қоңыраулардың барлығы компьютерге қосылған. Басқару мен әуендер сағатқа қойылған компьютер бағдарламасы арқылы ауысып отырады. Сондай-ақ, сағат механизмі GPS-навигация құралымен жабдықталған, ол сағаттың дәл жүруін бақылауды қамтамасыз етеді.

«Сағат әлемдік және қазақстандық классикалық музыкаларды ойнайды, ол өзінше бір әр түрлі уақыт пен мәдениеттің, әр кезеңдегі алматылық буынның жалғасының символы болмақ. Біз үшін қаланың жақсы жақа қарай өзгеруі маңызды»,-деді «Қазкоммерцбанк» АҚ-ның Басқарушы директоры Мағжан Әуезов. Оның айтуынша, бұл Қазкоммерцбанктің ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арнаған он төртінші сыйы.

«Қазкоммерцбанктің бастамасын біз бірден қолдадық. Музыкалық сағаттар әлемнің көптеген қалаларында бар. Олар қалаға ерекше әуенімен көрік беріп келеді, мәселен, Лондондағы Биг Бенді атап айтуға болады. Бүгін іске қосылған бұл сағат та Алматы қаласының бір символына айналады деген үміттеміз»,-деді салтанатты рәсімде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваторияның ректоры Жәния Әубакірова.

Соңғы жаңалықтар