Алматыда тұңғыш рет балаларды тегін сақтандыруға арналған әлеуметтік акция басталды

АЛМАТЫ. 15 қыркүйек. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Бүгін Алматыда «Сентрас Иншуранс» компаниясы тұңғыш рет балаларды сақтандыру бойынша әлеуметтік акцияны бастады.

Алматыда тұңғыш рет балаларды тегін сақтандыруға арналған әлеуметтік акция басталды

Акция бүгін, 15 қыркүйектен басталып қараша айының 30-на дейін жалғасады.

Осы уақыт аралығында ниет білдірушілердің барлығы өз балаларын жазатайым жағдайдан 200 000 теңгеге сақтандыра алады. Бұнымен қатар, сақтандыру келісімін рәсімдеген әр адам аталмыш компанияның басқа сақтандыру бағдарламаларына 15 пайыздық жеңілдік сертификатын алады.

"Адамның басты құндылығы - өмір, денсаулық және балалардың болашағы. Бірақ, өкінішке орай кейде, ойламаған оқиғалар болады. Қазіргі заманауи әлемде медициналық қызмет қымбат тұрады, сондықтан, жазатайым оқиғалардан сақтандыру бүкіл әлемде қолжетімді және үлкендер мен балаларды сенімді қорғаудың жолы болып табылады. Өкінішке орай, біздің елде сақтандырудың бұл түрі дамымаған. Батыс елдерінде сақтандырудың барлық түрлеріне үлкен назар аударылады",-дейді акцияны ұйымдастырушылар.

Бұнымен қатар, «Сентрас Иншуранс» компаниясы "Екі есе қорғау!" акциясын бастамақ. Оның талабы бойынша, көлік сақтандырудың міндетті полисін рәсімдеген әр көлік айдаушы, «Авто-Лимит» не «50х50», «90х60х90» бағдарламасы бойынша тегін қорғауға ие болады.