18:02, 26 Ақпан 2009 | GMT +5
Алматыда тұңғыш рет он-лайн жүйесінде астықтың биржалық саудасы өткізілді
АЛМАТЫ. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматыда «Еуразиялық сауда жүйесі» тауар биржасы» АҚ тұңғыш рет он-лайн жүйесінде астықтың биржалық саудасын өткізді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Еуразиялық сауда жүйесі» тауар биржасы» АҚ-ның бұл қадамы әлемдік талаптар негізінде жүзеге асып отыр.Жаңа биржа ретінде құрылған бұл компанияда алдағы уақытта тауардың биржалық сатылымдары автоматты, жылдам режимде жүзеге асырылып отырмақ.«Еуразиялық сауда жүйесі» тауар биржасы» АҚ 2008 жылы «Алматы өңірлік қаржы орталығы»АҚ мен «РТС қор биржасы» ААҚ-ның қатысуымен құрылған болатын.