Алматыда тұңғыш рет өткізіліп жатқан «Regard de France» көрмесіне 45 француз компаниясы қатысуда (ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Бүгін Алматыда еліміз бойынша тұңғыш рет Халықаралық «Regard de France» көрмесі ашылды. Онда қала тұрғындары мен қонақтары француз компанияларының тауарларымен және көрсететін қызметтерімен таныса алады.
None
None

«Франция - Қазақстан экономикасының ең ірі инвесторларының бірі. Тек өткен 2015 жылдың ішінде Францияның Қазақстан экономикасына салған инвестициясының көлемі - 6 млрд. еуродан асты. Ал бүгінгі көрмеге 45 белгілі француз компаниялары қатысып отыр. Бұл жергілікті тұрғындарға «Францияда жасалған» деген брендтермен және французша өмір сүру өнерімен жақын танысуға мүмкіндік береді. Көрме бағдарламасы халықаралық франкофония күні шеңберіндегі бірқатар шаралармен біріктірілді», - деді Францияның Алматыдағы Бас Консулы Патрик Ренар.

Өз кезегінде Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов бүгінгі таңда Алматыда 34 бірлескен кәсіпорын және француз капиталының қатысуымен 52 кәсіпорын жұмыс атқаратындығын атап өтті.

«Таяуда франциялық компаниялардың біріне Алматының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын инвестиция есебінен жетілдіру бойынша ұсыныс білдірілді. Яғни, біз осы саланы толығымен зерттеп шықтық. Енді зерттеу нәтижелері бойынша қабылданған ұсыныстарды қала тұрғындарының өмірін жақсарту мақсатында қолдана аламыз. Алдағы уақытта екі ел арасында технологиялық инновация бойынша да тығыз қарым-қатынас орнайды деген сенімдеміз», - деді Е. Әукенов.

Айта кетелік, көрмеге туризм, сән, косметика және парфюмерия, автокөлік, гастрономия, медицина, консалтингтік қызмет және білім салаларында қызмет атқаратын компаниялардың тауарлары мен көрсететін қызмет түрлері ұсынылды.

Көрме Ritz Carlton қонақ үйінде екі күнге созылады.

Ұйымдастырушылар - Қазақстанның Франция елінің іскерлік серіктестері-компанияларының «Amitie» қауымдастығы мен Францияның Қазақстандағы Бас консулдығы.
null null null null null null null null null null null

Соңғы жаңалықтар