Алматыда тұңғыш рет спорттық покерден Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр
АЛМАТЫ. Желтоқсанның 4-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Кеше Алматыдағы «Қазақстан» покер-клубында спорттық покерден алғашқы ел чемпионаты өз жалауын көтерді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Желтоқсанның 13-іне дейін созылатын бұл жарысқа 300-дей спортшы қатыспақ. Ақтық финалға олардың 100-і қатысады. Бұған дейін Алматыда шілденің 26-сы күні алғашқы Қазақстан кубогы сарапқа салынған болатын. Онда бірінші орынға Азамат Құсайынов, екінші орынға Евгений Цой, үшінші орынға Бауыржан Бармамбеков ие болды. Бұл ақпан айында ресми түрде құрылған біздің федерацияның 5-і рейтингтік турнирі еді», дейді «Спорттық покер ойыншылары мен әуесқойлардың республикалық федерациясы» қоғамдық бірлестігінің президенті Алтай Қайырбеков. Оның айтуынша, қазақстандық спортшылар қазірдің өзінде Ресей федерациясы мен Азия құрлығындағы ірі байрақты бәсекелерге қатысып үздік бестіктің қатарынан орын алып жүр.