13:18, 13 Наурыз 2009 | GMT +5
Алматыда «Тұншыққан сезім» деп аталатын драмалық жаңа қойылымының тұсаукесері өтеді
АЛМАТЫ. Наурыздың 13-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыдағы Қазақтың Ғабит Мүсірепов атындағы академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында наурыздың 17-18-і күндері жаңа қойылымының премьерасы болады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Қойылымның авторы қырғызстандық жазушы, сценарист және аудармашы Мар Бәйжиев. Оның бұл туындысы белгілі өнер қайраткері, режиссер Райымбек Сейтметов аудармасымен қойылғалы отыр. Қоюшы режиссері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Балтабай Сейітмамытұлы, суретшісі ? Серікқан Омаров пен Айдар Ықсанов. Онда басты кейіпкерлерді Жанар Мақашева (Нәзи), Бекен Кемалданов (Әзіз), Жомарт Зейнәбіл (Ескендір), Әсем Қашағанова (медбике) сияқты әртістер сомдамақ.