Алматыда «Тур Алматы» веложарысы басталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда «Тур Алматы-2018» халықаралық шоссе веложарысының байрағы көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда «Тур Алматы» веложарысы басталды

Сөре сызығына әлемнің 15 елінен 19 команда шықты. Жарыс жолында Қазақстанның 4 командасы бағын сынап жатыр. 

Қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Рүстем Байсейітов қаланың жарысқа дайындығы туралы мәлімдеді. 

Бүгін дүбірлі доданың 1-кезеңі ашылды. 

«Алматы әкімдігі қаладағы аса маңызды спорт шарасын ұйымдастыруда барлық мүмкіндікті пайдаланды. «Тур Алматы» -алматылықтар үшін ерекше жарыс. Биыл жарыстың маршруты өзгергенін білесіздер. Енді басымдық қаланың орталығына беріліп отыр. Осы жолы индустриалды аймақ пен Момышұлы көшесін кірістірмейміз. 7 шеңбер де қаланың ішін қамтиды. Қала тұрғындарын жанкүйер болуға шақырамын. Себебі, биыл біздің төл командамыз Apple Team өнер көрсетеді», - деді Рүстем Байсейітов.

Жарыс барысында қандай көшелер жабылатынын кеше хабарлаған болатынбыз.

null null null null null