Алматыда тұрақта тұрған көлік өртенді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Сәтбаев пен Манас көшелерінің қиылысында Daewoo Nexia көлігі өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда тұрақта тұрған көлік өртенді

Машина тұрақта тұрған. Өрт көліктің мотор бөлігінен тұтанған.

null 

Көшедегі жолаушылар мен ғимарат күзетшілері отты өз беттерінше сөндіруге тырысқан.  Тілсіз жау бой бермеген соң оқиға орнына өрт сөндірушілер шақырылды.

null 

Мамандардың айтуынша, өрт қысқа тұйықталудан болған.