14:27, 27 Мамыр 2009 | GMT +5
Алматыда тұрақтандыру бағдарламасы аясында 40 миллиард теңге игерілді
АЛМАТЫ. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда қазіргі таңда тұрақтандыру бағдарламасы аясында 40 миллиард теңге игерілді.
Бұл жайлы бүгін «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының қалалық филиалы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Өнеркәсіптегі өсім өңдеу саласында 61 пайызды құрады. Дағдарысқа қарсы шараларда шағын және орта бизнеске ерекше мән беріледі. Ол қала экономикасының негізін құрайды. Қазіргі таңда тұрақтандыру бағдарламасы аясында 40 миллиард теңге игерілді. Сондай-ақ 400-дей заемшы қайта қаржыландырылды», - дейді «Нұр Отан» ХДП Алматы қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Ахметжан Есімов. А. Смағұлұлының айтуынша, алғашқы 4 айда белсенді жұмыс жасайтын шағын және орта кәсіпорындар арасында ілгерілеушік байқалып отыр. Өсім өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 47,5 пайызды құрады.