Алматыда «Тұран» этно-фольклорлық ансамблінің алғашқы күйтабағы шықты
АЛМАТЫ. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында «Тұран» этно-фольклорлық ансамблінің алғашқы CD нұсқадағы күйтабағының тұсаукесер рәсімі болып өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Альбомға ансамбльдің орындауындағы барлық музыкалар енген. «Бүгінде «Тұран» ансамблі тек Қазақстанда ғане емес, шет елдерде де еңбегімен мойындалып, танылды. Қазақ әуенін көне аспаптармен асқан шеберлікпен орындай білетін жас ұжым дәстүрлі мәдениетке жаңаша көзбен қарап, өздерін көрсетіп келеді», деп атап өтті кеште өнертанушылар.