Алматыда тұрғын үй өртеніп, 2 адам ыстан уланды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Сүлейменов, 24 А» мекенжайында орналасқан «Мирный» тұрғын үйінен өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда тұрғын үй өртеніп, 2 адам ыстан уланды

Төтенше жағдай 11-қабаттағы пәтерде болған.

Ер адам темекі шеккен күйі ұйықтап кеткен. Соның кесірінен үйдегі барлық мүлік отқа оранған. Дер кезінде келген әйелі өрт сөндірушілерді шақырып үлгерген.

Өрт сөндірушілер 50 шақты адамды қауіпсіз жерге көшірді.

Қызыл жалын 5 шаршы метрді шарпыған.
null null 

Ер адам мен әйелі ыстан уланды деген диагнозбен ауруханаға жеткізілді.
null null