Алматыда тұрғын үй секторында иесіз қалған улы химикаттар қоймасы табылды
АСТАНА. Шілденің 16-сы. ҚазАқпарат - Алматыда жекеменшік тұрғын үйлер секторында улы химикаттардың қоймасы табылды,
деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
Хожанов көшесінде, жекеменшік тұрғын үйдің бірінің жанынан кеше, шілденің 15-і күні сағат 15.40-та улы химикаттардың иесіз жатқан қоймасы табылды. Онда 150 килә хлорлы кальций, 150 литр белгісіз улы сұйықтық, 450 килә «Каратон» фундициті болған. Оқиға орнын полиция қызметкерлері қоршауға алып тастады. Қазір улы химикаттарды көметін орынды анықтау мәселесі шешілуде.