Алматыда тұрғын үйде болған өрт ауыздықталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Жұлдыз-1» шағынауданындағы бесқабатты тұрғын үйдегі өрт ауыздықталды, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі оқиға орнынан.

Алматыда тұрғын үйде болған өрт ауыздықталды

Оқиға орнына Түркісіб ауданының әкімі Владимир Устюгов келді. Оның сөзіне қарағанда, алты пәтер жалынға оранған. Олардың иелеріне өрттен келген залал үшін өтемақы төленеді. Өрттің тұтану себептері анықталуда. Алматы қаласының ТЖД өкілдерінің хабарлауынша, кейінірек арнайы брифинг өткізіледі.