Алматыда тұрғын үйде өрт шығуы салдарынан 40 адам көшірілді, бір әйел қазаға ұшырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматының Әуезов ауданында 4 қабатты көппәтерлі үйдің 3-қабатындағы пәтерде өрт шықты.

Алматыда тұрғын үйде өрт шығуы салдарынан 40 адам көшірілді, бір әйел қазаға ұшырады

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

40 адам көшірілді. Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Алматы қаласы ТЖД өрт сөндіру қызметінің 9 адамы мен 3 бірлік техникасы жұмылдырылды. Өрт орнынан бір әйелдің мәйіті табылды.