Алматыда тұрғын үйдегі газ колонкасы ақауынан 4 адам уланып қалды
АСТАНА. 9 желтоқсан. ҚазАқпарат - Кеше Алматыдағы жеке тұрғын үйдегі газ колонкасының ақауынан шыққан табиғи газдан уланған 4 адам ауруханаға түсті. Бұл ақпаратты еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі таратып отыр.
Ведомствоның хабарлауынша, төтенше оқиға кешкі сағат 19:29-да Жетісу ауданына қарасты Балқаш көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйде орын алған.