Алматыда тұрғын үйдің жанынан зениттік құрылғының оқтұмсығының бөлшегі табылды
АСТАНА. Мамырдың 6-сы. ҚазАқпарат - Алматыда тұрғын үйдің жанынан зениттік құрылғы оқтұмсығының бөлшегі табылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.Кеше, мамырдың 5-і күні сағат 10.13-те Қабанбай батыр атындағы көшеде, №107 үйдің жанынан оқтұмсыққа ұқсас зат табылады. Жүргізілген арнаулы шаралардың барысында, әлгі заттың зениттік құрылғының оқтұмсығының бөлшегі екені (ұзындығы 110 мм, калибрі 23 мм), анықталған. Оны жою үшін Медеу аудандық Ішкі істер басқармасының қызметкерлері оқиға орнынан алып кетті.