Алматыда тұрғын үйлерді жалға беру жобасы таныстырылды

АЛМАТЫ. Ақпанның 27-сі. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ – Бүгін Алматыда қала әкімі Ахметжан Есімовтің, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ мен «Даму» қоры, банктер мен құрылыс компаниялары басшыларының қатысуымен құрылыс, ипотека мен шағын және орта бизнесті дамыту бағытында бірлескен іс-қимылдар жүргізу мәселелеріне арналған отырыс өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Отырыс барысында басты көңіл бөлінген бағыттың бірі тұрғын үй саласы болды. Онда тұрғын үй құрылыстарын екінші деңгейлі банктер арқылы аяқтаумен қатар, үйлерді жалға беру жобасы да таныстырылды. Бұл жоба «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ жасалған болатын. Бұндағы мақсат Астана мен Алматы қалаларындағы тұрғын үй нарығын тұрақтандыру. Қор бірінші бағыт бойынша екінші деңгейлі банктердің қатысуымен Алматы мен Астанадағы тұрғын үйлердің құрылысының аяқталуын қамтамасыз етіп, тұрғындарға сатып алу мақсатымен жалға береді. Сатып алу екінші деңгейлі банктердің қатысуынсыз жүзеге асса, «Самұрық-Қазына» құрылыс нысанына техникалық аудит пен құрылыс мерзімін анықтап, құрылыс салушымен пәтерлерді сатып алу туралы келісімшарт жасасады. Одан әрі жалға беру жүйесі жүзеге асырылады. Бұл бағытқа «Самұрық-Қазына» 150 миллиард теңге бөліп отыр. Қордың есебі бойынша жалға берудің 1 шаршы метрі 1 мың теңге көлемінде болмақшы.
Соңғы жаңалықтар