Алматыда туристік сервисті және инфрақұрылымды дамыту қажет - Б. Байбек

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда туристік сервисті және инфрақұрылымды дамыту қажет. Бұл туралы бүгін Алматыда 6-шы шақырылымдағы қалалық мәслихаттың 7-ші сессиясы барысында Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек мәлімдеді.
None
None

«Туризм саласы - Алматы қаласының даму көздерінің бірі. Бұл туралы кеше шетелдік мамандар да ашық айтты. Алматының бірегейлігі сол, ол тау бөктерінде орналасқан. Біз мұны қашанда ескеруіміз керек», - деді Б. Байбек.

Сонымен қатар, қала басшысы әлемдегі көптеген курорттық қалалардың жазғы туризмді дамытып жатқандығын жеткізді.

«Егер көлік кептелісі болмаса Алматының әуежайынан        «Шымбұлақ» шипажайына 20 минутта жетуге болады. Әуежайдан 20 минутта жетуге болатын мұндай шипажай әлемде жоқ.  Екіншіден, биікте орналасқан, үшіншіден қардың сапасы жоғары. Осы үш көрсеткіш бойынша біздің шипажай әлемде алғашқы он курорттың қатарына кіреді», - деді әкім.       

Дегенмен, Б. Байбек, туристік сервис және инфрақұрылым бойынша кемшіліктер бар екенін жасырмады. 

«Біз жеткілікті қаржы жұмсап, туристік сервисті және инфрақұрылымды дамыту жағынан кемшін түсіп жатырмыз. Сондықтан да басымдықтарымызды айқындап, қаланы дамытуымыз керек», - деді әкім. 

Соңғы жаңалықтар