Алматыда туризмді дамытуға арналған жарнама науқаны басталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Visit Almaty» туристік ақпарат орталығы Алматы қаласы мен Алматы облысының туризм әлеуетін дамыту үшін ауқымды жарнамалық науқанды қолға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда туризмді дамытуға арналған жарнама науқаны басталды

Бұл жарнамалық науқан негізінен Қазақстанның, оның ішінде Алматының тұрғындарына бағытталып отыр. Сәуір айының соңынан қала көшелеріндегі билбордтары мен медиабордтарында тұрғындарды отбасыларымен музейлерге, ботаникалық баққа, Үлкен Алматы көліне, Қайыңды және Көлсай көлдеріне, «Алтын Емел» ұлттық паркіне сапарлап, Түргеннің алма бақтарын тамашалау ұсынылады.
null

«Шараның алғашқы қадамы алып шаһар тұрғындарын қамтып, оларға «Өз қалаңды жақсы таны» деген ұран тасталады. Екінші кезекте ел тұрғындарына Алматы мақтан ететін мәдени және ойын-сауқтық туризм, белсенді демалыс және гастротуризмді жарнамалаймыз»,- дейді, «Visit Almaty» директоры Камила Лұқпанова.

nullАқпараттық орталық Алматы қаласын екі күнде аралап, барлық жауһарларын көріп, белсенді түрде демалу идеясын алға тартып отыр. Осылай Алматы қаласының тұрғындары өз қаласымен жақынырақ танысуға мүмкіндік алмақ. «Visit Almaty» туристік ақпарат орталығы қалалық сыртқы байланыс және туризм басқармасы негізінде құрылған. Орталық қызметкерлері саяхаттаушыларға туристік бағыттар мен орындар, қонақүйлер, мейрамханалар және басқа да нысандар жайлы үш тілде толық ақпарат беріп, қолдау көрсетіп келеді.

Фото: Visitаlmaty.kz