Алматыда түркі тілдес елдердің Бүкіләлемдік математикалық қоғамының ІІІ конгресі өтіп жатыр

АЛМАТЫ. Шілденің 1-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда түркі тілдес елдердің Бүкіләлемдік математикалық қоғамының ІІІ конгресі өз жұмысын бастады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Түркі тілдес елдер халықаралық серіктестік жолдарын саясат пен экономикадан ғана емес, сонымен қатар білім беру мен ғылым салаларынан да іздей бастады. Соның нәтижесінде түркі тілдес елдердің математиктерінің қоғамын құру идеясы пайда болды. 1999 жылы  құрылған бұл ұйым Түркия, Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Иран, Түрікменстан, Қытай, Моңғолия, Ресей мен АҚШ-тың  және Еуроодақ елдерінің математиктерін біріктіреді. Бүкіләлемдік математикалық қоғамның ІІІ конгресінің мақсаты математика ғылымының бүгінгі жетістіктері мен даму болашағын талқылау. Ақпараттық технологияларды ғылыми зерттеулерде кеңінен қолдану және түркі әлемі математик ғалымдарының арасындағы серіктестік аумағын кеңейту», дейді Қазақтың әл-Фараби атындағы ұлттық университетінің ректоры, академик Бақытжан Жұмағұлов. Оның айтуынша, математика саласындағы іргелі зерттеулердің қолданбалы техникалық ғылымның дамуындағы маңызы өте зор. Конгрестің Қазақстанда өткізілуі еліміздің халықаралық мәртебесін өсіріп, мерейін арттырады және халықаралық байланысты нығайта түседі. Сонымен қатар Елбасының ғалым отандастарымызды елге шақыруына байланысты тапсырмасын орындауға және шет елдердің белгілі ғалымдарын республиканың ғылыми-техникалық саласына тартуға үлес қосатынына сенім мол. Конгрестің жұмысына қатысуға түрлі мемлекеттердің 600-ден астам ғалымдары ғылыми мақалаларын жіберіп отыр. Бұл олардың математиканың өзекті мәселелерін талқылауға және  шешуге деген талпынысын көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар