Алматыда түркі жұртына ортақ жырлар орындалды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрында «Ұлы Дала елі» атты халықаралық жыршылар фестивалі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда түркі жұртына ортақ жырлар орындалды

Былтыр қала әкімі Бауыржан Байбектің қатысуымен өткен жыр кеші биыл көрермен сұранысына байланысты қайтадан өткізіліп, жыршылар мен дәстүрлі әншілердің басын қосты. Былтырғы кешті сыр сүлейі, танымал жыршы Алмас Алматов жүргізсе, биыл сөз тізгінін жыршы, ғалым Берік Жүсіпов ұстады. Фестивальға Алпамыс жыры секілді түркі жұртына ортақ туындыларымен қатар, өз елдерінің этномузыкасын таныстыруға башқұрт, қарақалпақ, өзбек, қырғыз ұлтының өнер майталмандары арнайы шақыртылды.  

Берік  Жүсіпов бастаған Ләззат Жанаманова, Серік Құлтаев, Данияр Рахымбаев, Ғибрат Жұмағұлов, Сандуғаш Мүбәракқызы сынды жыршы термешілеріміз Үмбетәлі Кәрібаевтің «Жамбылға», Сәттіғұл Жанғабылұлының «Мұсылманның баласы», Омар Шораяқовтың «Толғауы» мен халы қәні «Насиятты», Жамбыл Жабаевтың «Менің пірім - Сүйінбай», Әбдіғаппар Алдажарұлының «Термесін», Наурызбек Нұржаубайұлының «Біз сонаршы» және Сүйінбай Аронұлының  «Жігіттерге өсиет» шығармаларын орындады.

«Ұлы дала елі» халықаралық жыршылар фестивальіне қатысты танымал жыршы, фольклортанушы-ғалым, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері Алмас Алматов «ҚазАқпарат» тілшісіне берген сұхбатында Орталық Азия, Түрікменстан, Қарақалпақстан, Қырғызстан, Башқұртстаннан өнерпаздардың келуі түбі бір түркі халықтарының мәдениетінің де, әдебиетінің де, қаны мен жан-ділінің де бір екенін білдіреді деген пікір айтып, жыр кешіне жоғары бағасын берген болатын. 

Ал Өзбекстан, Башқұрт, Қырғыз елінен келген жыршылар көрермен көңілінен шықты. Кеште барлығы 20 адам өнер көрсетті. 

null

null

null

null

null