Алматыда Түркістан облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 23-24 қазанда Алматыда Түркістан облысы ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда Түркістан облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

Алматы қаласының әкімдігі хабарлағандай, алматылықтарға Түркістан облысының фермерлері ет-сүт, жеміс-көкөніс, шұжық, сондай-ақ, ұн, жарма, өсімдік, жануар майы, басқа да өнімдердің 50-ден астам түрін ұсынады. «Өнімнің жалпы көлемі 367 тоннаны құрайды:ет өнімі – 55 тонна; жеміс-көкөніс өнімі – 190 тонна; сүт өнімі – 25 тонна; балық өнімі – 5 тонна; өзге де өнімдер – 92 тонна»,- делінеді хабарламада.

Жәрмеңке сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін Шевченко көшесінің бойында Қонаев көшесінен Пушкин көшесіне дейінгі («Ғылым ордасы» РМО Археология мұражайына қарама-қарсы) мекенжайда өтеді.