Алматыда тұрмыстық зорлықтың алдын алу мәселесі талқыланды
АЛМАТЫ. Наурыздың 26-сы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматыда «Отбасындағы зорлық. Мемлекеттік және қоғамдық институттардың бірлескен жауабы» атты дөңгелек үстел өтті.
Отырыста «Тұрмыстық зорлықты сауықтыру» туралы ҚР заңының орындалуы, тұрмыстық зорлықты ауыздықтау, зорлық-зомбылықтан зардап шегушілерге көмек көрсету мәселелері талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Отырыс Еуроодақтың «Әйелдерге қарсы зорлықты ауыздықтауға қарсы құқық қорғау органдарының жұмысын күшейту» бағдарламасы аясында өткізілді. Аталған бағдарлама 2008 жылдың маусым айынан бастап Нидерландының Хивос гуманистік институты мен Қазақстандық «Подруги» дағдарыс орталығының бірлесуімен жүзеге асып келеді. Еуроодақ бағдарламаға 180 000 еуро бөлген.
«Өкінішке қарай, әйелдер мен балаларға қарсы зорлық әлеуметтік маңызды проблемалардың қатарында қалуда. Ресми мәліметтер тұрмыстық зорлық көрсеткіштерінің жоғарылығын көрсетіп отыр. Бұнымен қатар көптеген зорлық фактілері жасырын қалады. Оны қоса алғанда жәбір шегушілер саны да көп деуге болады» дейді «Құрбылар» орталығының президенті Надежда Гладырь.
Оның айтуынша, соңғы 10 жылда аталмыш орталыққа зорлықтан жәбір шеккен 18 мың адам көмек сұрап келген. Оның ішінде 314 әйел, 430 бала дағдарыс орталығының бейімдеу орталығында тұрақтап қалған. Орталық тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күресу үшін құқық қорғау органдарымен де әріптестікті жолға қойған. Бүгінге дейін 73 учаскелік полиция бөлімшелерінде тұрмыстық зорлықтың алдын алу, жою бағытында тренингтер өткізілген.