Алматыда «Тұздыбастау» станциясы іске қосылса, шағын аудандар электрмен толық қамтылады – әкім

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Түрксіб ауданының шағынаудандарын электр қуатымен қамту мақсатында «Тұздыбастау» қосалқы станциясы салынуда. Станция іске қосылған соң, аудандағы шағын аудандар электрмен тұрақты түрде қамтылады. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тұздыбастау» қосалқы станциясы 2023 жылдың II тоқсанында пайдалануға берілмек. Содан кейін Түрксіб ауданындағы шағынаудандарды электрмен тұрақты түрде қамтамасыз ету мәселесі толық шешіледі. Бұдан бөлек, жыл соңына дейін жарығы жоқ 100 көше мен тұйық көшелерге жарық шамдары орнатылады», - деді қала әкімі.

Ол сондай-ақ Алматыда электр қуатының өшіп қалуының себебі, желілердің тозғандығы және қуаттың жетіспеушілігінен екенін айтты.

«Қазіргі таңда 4,2 шақырым электр желісі қайта жаңғыртылды. Жыл соңына дейін 11 шақырымға дейін жөнделеді. Осылайша «Шуақты», «Нұршашқан» шағынауданындағы ескі электр желілері жаңғыртылады. 2023 жылдың І тоқсанында «Әлмерек» және «Қайрат» шағынауданында да жұмыстар басталады», - деді Ерболат Досаев.


Соңғы жаңалықтар